Мектеп жетістіктері

«Digital Kazakhstan: Заманауи білім беру » аудандық кеңейтілген тамыз кеңесінде мектебіміз «Green Oazis» жобасы бойынша 3 орын иеленіп қаржылай сертификатқа ие болдық.

Мектеп жайлы

Мектептің мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, С.Торайғыров көшесі, 65 үй, «Құйған орта мектебі» КММ
 Ашылған жылы:1927
Мұғалімдер  саны:28
Педагог-зерттеуші: 7
Педагог-сарапшы: 4
Педагог-модератор: 9
Санатсыз: 8
Кіші қамту қызметкерлері саны:32
 Оқушылар  саны:97
Электронды поштасы:  tarb_kuiganmektep@mail.ru Телефоны: 872-344-24-005

Мектеп жетістіктері

Жетістіктер

Республика күніне орай қол күресінен Шығыс Қазақстан облысының чемпионатында 2 орын иеленген Нұрлан Мағжанды, 3 орын иеленген Каменов Айсеріні, жетекшілері Нағызханов Талғатты құттықтаймыз!

25 қазан — Республика күніне орай 2012-2014 ж.т. жасөспірімдер арасында шағын футболдан аудандық турнир өтті.
12 команда қатысқан тартысты ойында мектебіміздің командасы жүлделі 2 орынды иеленіп, медальдармен, мақтау қағазымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«Bilim orkenieti» ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Сен ғылымға ынтық болсаң…» атты республикалық байқауында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сатиева Жанар Жетпісқызы білім беру саласының «Құрметті педагогы» төсбелгісімен марапатталды.

Шығыс Қазақстан облысының Чемпионатында қол күресінен 2 орын иеленген 7-сынып оқушысы Ахметхан Нұрәли, жетекшісі Нағызханов Талғат.

23 сәуір күні «Абай атындағы орта мектебі» КММ-де аудандық мектеп оқушылары арасында Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай соғыс және еңбек ардагері, партизан Шапатов Манап атындағы жүлдесі үшін өткен әскери-көпсайыс ойындарына мектеп 6 сынып оқушылары: Әлібек Мадияр, Ринат Сұлтан, Даниярұлы Ерасыл, Дулатқызы Инабат, Серік Елзат 1 бөлімше құрамы болып қатыстырылды.Сайыс қорытындысында:Ринат Сұлтан пневматикалық винтовкадан нысана көздеп атуда 1-ші, Даниярұлы Ерасыл дене дайындығында 2-ші және атыс дайындығында 2-ші, Дулатқызы Инабат атыс дайындығында 2-ші орындарын иеленді.

18 сәуір күні Ақжар ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Шығыс Айбын- 2025» әскери-патриоттық жастар мектеп жастар командасы қатыстырылды. Сайыс қорытындысы бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушысы Айша Социалханова пневматикалық мылтықтан нысана көздеп атудан қыздар арасында 3 мүмкіндіктен 22 ұпай жинап 1-ші орын иеленді. АББ басшысының мадақтама қағазымен марапатталды.

Облыстық қол күресінен ашық турнир. Даниярқызы Айзере

«Digital Kazakhstan: Заманауи білім беру» аудандық кеңейтілген тамыз кеңесінде мектебіміз «Green Oazis» жобасы бойынша 3 орынды иеленіп, қаржылай сертификатқа ие болдық.

Қол күресінен мектебіміздің 9-сынып оқушысы Нұрлан Мағжан Индия мемлекетінде жүлделі 2-ші және 3-ші орынға ие болды Жаттықтырушысы Нағызханов. Т..

Мектебіміздің оқушысы Арна Қадылханқызы қол күресінен әлем чемпионы атанды

Оқу бөлімі

Оқу бөлімі

«Ақтанымын Алтайдың» атты облыстық Ақтан Нұрбаев оқуына мектебіміздің 5 сынып оқушысы Дастанқызы Айзере қатысып 3- орын иеленді.
Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Сатиева

«Менің шағын Отаным» интеллектуалды байқауының аудандық кезеңінде 3-орын иеленген 10-сынып оқушысы Нұрлан Мағжан мен пән мұғалімі Әділбеков Медет Түсіпханұлын құттықтаймыз! Білімнің биік шыңдарын бағындыруларыңызға тілектеспіз!

“Ақберен” республикалық өнер байқауының аудандық кезеңінде “Көркем сөз оқу” номинациясы бойынша мектебіміздің 9-сынып оқушысы Рүстембекова Айзере 3- орынды иеленді.
Пән мұғалімі: Умарова Анар Жұмабекқызы. Шәкірті мен мұғалімді жетістіктерімен құттықтаймыз!

28 тамызда бірыңғай Педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібіне:
1.Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы;
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы;
3. Пед ұжыммен жаңа оқу жылындағы приоритетті бағыттар: «Жасанды интеллект, «Адал азамат», » Академиялық адалдық» туралы кеңінен талқыланды.

«Bilim orkenieti» ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Сен ғылымға ынтық болсаң…» атты республикалық байқауында мектебіміздің 6-сынып оқушысы Сайлауов Жанәділ «Ұлы дала дарыны» төсбелгісімен және 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Bilim orkenieti» ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Сен ғылымға ынтық болсаң…» атты республикалық байқауында «Үздік ғылыми жоба авторы» төсбелгісі және 1 дәрежелі дипломмен мектебіміздің 11-сынып оқушысы Ерболқызы Нұр марапатталды.

«Bilim orkenieti» ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Сен ғылымға ынтық болсаң…» атты республикалық байқауында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сатиева Жанар Жетпісқызы білім беру саласының «Құрметті педагогы» төсбелгісімен марапатталды.

Қанипа Бітібаеваның 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ғалымның хаты өлмейді» атты мектеп оқушылары арасында өткен аудандық ақындар айтысына қатысып,аудандық,облыстық,
республикалық ақындар айтысы мен жыршы-термешілердің бірнеше дүркін жеңімпазы Серік Шөкенов атындағы арнайы марапатты иеленген 6-сынып оқушысы Дулатқызы Инабат,жетекшісі Жанар Жетпісқызы.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс»атты аудандық қашықтықтан өткізілген эссе байқауында жүлделі 1 орын алған 8-сынып оқушысы Жамел Кәусарды және жетекшісі Жанар Жетпісқызын жеңістерімен құттықтаймыз.

Аудандық 3-4 сыныптар арасында өткен «Балдырған» олимпиадасында дүниетану пәні бойынша 2 орын иеленген Нинатулла Айзере, пән мұғалімі А.Касымова, орыс тілі пәні бойынша 3 орын иеленген Мерекенова Томирис, пән мұғалімі Д.Кожариянов.

Абай мектебінде өткен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Асқар Ислямов атындағы география пәні бойынша аудандық олимпиадада 11 сынып оқушысы Ерболқызы Нұр- 3 орын,
10 сынып оқушысы Каменов Айсері сертификатпен, 9 сынып оқушысы Алмас Кәусар 3-орын алып арнайы мақтау грамоталарымен марапатталды.
Жетекшісі:Ақылбекова Лунара мақтау қағазымен марапатталды.

«Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының аудандық кезеңіне «Мен мамандық таңдаймын» номинациясы бойынша қатысқан мектебіміздің 10-сынып оқушысы Ерік Кәусар жүлделі 3-орын иеленсе, 11-сынып оқушысы Ерболқызы Нұр мен 10-сынып оқушысы Рынболат Ақбота сертификаттармен марапатталды

27 ақпан күні «Тарбағатай аудандық білім бөлімі» ММ-нің әдістемелік кабинеттің 2024-2025 оқу жылындағы жылдық жоспары бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының аудандық кезеңі “Жетіарал мектеп-балабақша кешені” КММ базасында ұйымдастырылды. Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің 11-сынып оқушысы Ерболқызы Нұр жүлделі 🏆І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

19 ақпан күні 8-11 сынып оқушылары арасында өткен «Мәшһүр-Жүсіп Көпеев оқуы» республикалық байқауының аудандық кезеңіне 10- сынып оқушысы Тоқтасынова Қарақат қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.

14 ақпан күні 7-11 сынып оқушылары арасында өткен «Ілияс Жансүгіров оқуы» Республикалық байқауының аудандық кезеңіне 9 сынып оқушысы Алмас Кәусар қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.

2025 жылдың 25 ақпан күні Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинеттің жылдық жоспары негізінде «Құйған орта мектебі»КММ-нің базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
«Сабақ беру процесінде жасанды интеллект платформасын қолданудың тиімділігі»тақырыбындағы аудандық семинар болып өтті.

04.02.2025 жыл
Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 4 ақпан күні Құйған ауылындағы «Құйған орта мектебі» КММ-де география пәні мұғалімдеріне «География пәнінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» атты аудандық семинар ұйымдастырылып өткізілді.
📄Семинар барысында 2 ашық сабақ және 2 шеберлік сыныбы өткізілді. Ұстаздар жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін көрсету мақсатында әртүрлі платформаларды қолдана отырып, жоғары деңгейдегі жұмыстар ұйымдастырды.

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 7-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ІІ (аудандық) КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
🥇Аканова Мадина
Сыныбы: 8
Пәні: қазақ тілі
Пән мұғалімі:Сатиева Жанар
🥉Уаденов Мәди
Сыныбы:8
Пәні: физика
Пән мұғалімі: Кенжина Ляззат
🥉Сейткамалов Мадияр
Сыныбы:7
Пәні: Ағылшын тілі
Пән мұғалімі: Назарбекова Маншук
🥉Серік Заңғар
Сыныбы:7
Пәні:биология
Пән мұғалімі:Умаров Ержан
🥉Рүстембекова Айзере
Сыныбы:7
Пәні: алгебра
Пән мұғалімі: Кокенова Гульжауһар
🥉Тоқтасынова Қарақат
Сыныбы: 10
Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті
Пән мұғалімі: Умарова Анар
🥉Ерболқызы Нұр
Сыныбы:11
Пәні: қазақ тілі
Пән мұғалімі:Сатиева Жанар
🥉Рынболат Ақбота
Пәні: құқық негіздері
Пән мұғалімі: Адилбеков Медет
🥉Ерік Каусар
Пәні: Қазақстан тарихы
Пән мұғалімі: Адилбеков Медет

Бастауыш сыныптар апталығында 3-сыныпта жаратылыстану пәнінен «Топырақ не үшін қажет?» атты ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушыларда топырақ туралы жалпы мағлұмат қалыптастыру, топтық, жұптық жұмыстарға дағдыландыру.
Өткізген сынып жетекшісі: Г. Б. Мустафина

4 — сыныпта Әдебиеттік оқудан “Қыс бейнесі” тақырыбында ашық сабақ болды. Сабақта ЖИ және түрлі әдіс- тәсілдер тиімді пайдаланылды.
Сынып жетекшісі: А. К. Касымова

13-17. 01.2025
“Шамшырақ” бастауыш пән бірлестігінің “Білімге жол бастар -бастауыш” атты апталығы болды.

Тақырыбы: «Қош бол,Әліппе!»
Мақсаты: Өткен білімдерін қимыл-қозғалыс, қызықты ойын арқылы қайталау және құндылыққа тәрбиелеу. Ата-аналардың мектеппен байланысын нығайту.
Сынып жетекші:Мамиева А.Қ.

мектебімізде І тоқсан қорытындысы бойынша кезекті педагогикалық кеңес болып өтті.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1.І тоқсан бойынша оқу- тәрбие жұмысының қорытындысы. Ж.Анбиянова,Л.Кенжина
2.Бала қауіпсіздігі-басты міндет(Буллинг, кибербуллингтің алдын алу)
Е.Бақытжанова
3.Функционалдық сауаттылық-сапалы білім кепілі.
У.Касымова

1-қыркүйек күні «Мектебім -мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтіп, оған Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Ракымбаева, Құйған ауылдық округ әкімінің бас маманы Е.Камзин, 1-сынып ата анасы Ә.Малгаждаров қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

29.08.2024 жылы мектепте жаңа оқу жылы қарсаңында педагогикалық кеңес өтіп, жаңа оқу жылындағы мақсат-міндеттер аталды. Әдістемелік нұсқау хатпен, Біртұтас тәрбие бағдарламасымен мектеп ұжымы таныстырылды.

Тәрбие бөлімі

Тәрбие бөлімі

Мектепішілік 5-11 сынып оқушылары арасында «QUIZ TIME» интеллектуалдық ойыны өтті.
Мақсаты:Оқушылардың білім деңгейін анықтау және арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын күшейту, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауға үйрету, сондай-ақ оқушылар арасында достық бәсекелестік пен командалық рухты қалыптастыру.

17-желтоқсан күні мектепте Азаматтық қорғанудың «Өрт болуы қаупі», «Жер сілкінісі болуы қаупі!» сигналдары бойынша іс-әрекетті жаттығуы өтті.
Мақсаты: Төтенше жағдайлар, өрт,жер сілкінісі болуы мүмкін жағдайында мектеп ұжымының: оқушылар, мұғалімдер, кіші қамту қызметкерлерінің іс әрекеттерін қалыптастыру.

Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру және болашақ кәсіпке бейімдеу мақсатында ауыл кәсіпкері Солтанов Әділетпен «Ет және ет өнімдерін өндіру» бағыты бойынша кездесіп, жүргізіліп жатқан қызметтерінің қыр-сырымен танысып экскурсия жүргізіп қайтты.

«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында 5-сыныпта тәрбие сағаты болды.
Мақсаты: Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы -халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам екендігін түсіндіру. Оқушыларды патриоттыққа, Отанды сүюге, тәуелсіз елімізді қастерлеуге үйрету.
Сынып жетекшісі: Ш.Қиялбек

«Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында 6-8-9 сыныптарда тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздік күнінің мәні мен тарихи маңызын түсіндіру. Ұлттық рәміздер мен құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Сынып жетекшілері: Л.Ақылбекова
Д.Маулетханова
А.Ергалиева

«Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында 2-сыныпта тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:Оқушыларға тәуелсіздіктің мәні мен маңызын түсіндіру, елдік рух пен Отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.
Сынып жетекшісі: Ж Даутбаева

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру. Балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру мақсатында даярлық сыныбында «Тәуелсіздік тұғырым» атты тақырыбында ертеңгілік өтті.

«Құйған орта мектебі» КММ -де 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік — тұғырым» атты мерекелік кеш өткізілді. Кеш барысында 1986 жылы Желтоқсан оқиғасының куәгері желтоқсаншы, мектебіміздің бастауыш пәні мұғалімі Касымова Уатхан Калиакбаровнамен сұхбат жүргізіліп, мерекелік концертке ұласты.

«Құйған орта мектебі»КММ -де 5-11 сынып оқушылары Тарбағатай АПБ ЖПҚБ КТіБ УПИ полиция аға лейтенанты Әскербеков Жанасыл Әскербекұлы, Тарбағатай АПБ ҚҚБ УПИ полиция майоры Хасенов Канат Каукенович қатысуымен жиналыс өткізілді.

25 қарашадағы /4-21-4/7969-И хатына сәйкес ҚР Оқу ағарту министрлігі, Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған және жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға арналған мектеп оқушыларына және жастарға арналған деректі фильмдер мен бейнероликтерді ұсындық.9-10-11 сынып оқушылары арасында «Закладчики. Расплата», «Курьер», «Есірткі жастықтың жалынқұрты» қағидасы аясында оқушыларға арналған бейнероликтер көрсетілді.

2-4 сынып оқушыларына қоршаған ортаны қорғау туралы әлеуметтік видеороликтер көрсетілді.

Құйған орта мектебінде 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған Мектеп парламенті Президентін ұлықтау және парламент фракция мүшелерінің ант қабылау салтанатты жиыны Даңқ дәлізінде өткізілді. Жиын басында ҚР Туы кіргізіліп, Гимн орындалды. Салтанатты жиынға мектеп директоры К. Кожариянова және мектеп әкімшілігі қатысты. Мектеп Парламенті Президенті болып 9-сынып оқушысы Ақанова Мадина сайланды.

Абайдың өлеңдерін,қара сөздерін оқыту, түсіндіру, насихаттау мақсатында Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінен челлендж өткізілді.

Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абайдың 180 жылдығы — ұлттық рухтың жаңғыруы» тақырыбында эссе жазылды.

Даналық мектебінің жоспары бойынша «Ата кәсіп- берекенің бастауы» тақырыбында ағалармен кездесу өткізілді.
Мақсаты: Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі кәсіптер туралы ой бөлісу, оларды құрметтеуге, сақтауға, жалғастыруға баулу.
Тарих пәні мұғалімі: М Адилбеков

Даналық мектебінің жоспарында «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» тақырыбында 4-сынып оқушылары мен әжелер арасында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: қазақ әжелерінің тәрбиедегі рөлін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды сақтау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Сынып жетекші: Г.Мустафина

Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын,кітап оқу арқылы сөздік қорларын байыту, ой-өрісінің дамуын , рухани байлығын арттыру мақсатында «Кітап әлемі — ғажап әлемі» тақырыбында кітап оқу шарасы өтті.

Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған республикалық онкүндігі аясында » Тегін білген текті елдің, ұрпағымыз» атты асық ату ұлттық сайысы өтті.
4-6 сыныптар арасында.

Дарынды балаларды анықтау, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту мақсатында мектебімізде «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Сайысқа 5 жұп қатысып өнерлерін көрсетті.

Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған республикалық онкүндігі аясында 6-9 сыныптар арасында «Интернетті білім алуда пайдалану»пайдасы мен қаупі тақырыбында түсіндірме сағаты өтті.
Инфарматика пәні мұғалімі: А.Ерғалиева

Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған республикалық онкүндігі аясында 8 -сыныпта «Қамқорлық және сүйіспеншілік» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып жетекшісі: Д.Маулетханова

Дүниежүзі балаларды қорғау күніне арналған республикалық онкүндігі аясында «Бақытты бала — бейбіт елдің тірегі» тақырыбында сурет байқауы өтті.
Еңбек пәні мұғалімі: Е.Сапаргалиев

6-9 сынып оқушыларына Шығыс Қазақстан Облысының Білім басқармасының Халық әртістері ағайынды Абдулиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің Қазақ халық аспаптар бөлімінің қызметкерлері кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

9-11 сынып оқушылары «Сенің мансаптық бастамаң:»Электрондық еңбек биржасын»қалай пайдалануға болады» тақырыбында онлайн курстан өтіп сертификат алды.

Мектебімізде дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында «Бақытты бала -бейбіт елдің тірегі» айлығы өтіп жатыр.
Мақсаты: Балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету.
«Бала өмірі -басты құндылық» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті.
Ұйымдастырушылар: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ж.Анбиянова, Ж.Сатиева, А.Умарова

Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгенің шығу тарихы мен маңыздылығын оқушыларға тереңірек таныстыру мақсатында «15қараша — Ұлттық валюта күні » тақырыбында фото көрме жасалып, танымдық сағат өткізілді.

2025 жылғы 20 қарашадағы Дүниежүзілік балалар күніне орайластырылған 7-11 сыныптар аралығында «Заң мен тәртіп — бейбітшілік пен әділдікке бастайтын жол» және » Полиция мен балалар — қауіпсіздік үшін бірге» тақырыбында мазмұндама жазылды.

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен білім беру саласының қызметкерлерінің қатысуымен «Ұлттық диктант» жобасына ұжым мүшелері қатыстырылып, сертификаттар берілді.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында оқушылардың бойына Отан сүйгіштік сезім мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері- Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы мен авторлары туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.
АӘжТД жетекшісі: Б.Уалиев

«Суицид қаупінің алдын алудағы ата-аналардың рөлі» тақырыбында ата-аналарымен жиналыс өткізілді

Зорлық—зомбылыққа қарсы күрес күніне орай, дүниежүзілік инсультпен күрес күніне, ұлттық ішімдікті тұтынудан бас тартудың ұлттық күніне байланысты оқушыларға осы тақырыптармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық лингвистикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.

Мектеп медбикесі А.Аймуратова оқушыларға ОРВИ, педикулез, трихофития, ветрянка ауруларының белгілері және алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

6-сынып және 8-сынып оқушыларымен
«Менің Республикам – менің мақтанышым!» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Бастауыш сыныптар арасында «Алтын күз – береке мен молшылық мейрамы» тақырыбында күзгі бал сайысы өтті.

«Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты жиыны өтті.
Мақсаты
• Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, елжандылық, азаматтық жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.
• «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымдарының мақсат-міндеттерімен таныстырып, оқушылардың ұйымға мүшелік сезімін арттыру.

25 Қазан – Республика күніне орай 2-сыныпта сынып сағаты өтті.
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным – Тәуелсіз елім»
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін ардақтап өтуге үйрету. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.Сынып жетекшісі: Ж.Даутбаева

“Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебіміздің оқушылары мұғалімдерімен бірге 25-қазан Республика күніне орай флешмоб ұйымдастырды.

1- сыныпта 25 қазан Республика күніне арналған “ЖАЙНА МЕНІҢ, ҚАЗАҚСТАНЫМ” атты танымдық сабақ өтті. Сынып жетекшісі: А. Қасымова

:«Менің елім — менің мақтанышым» атты дөңгелек үстел өтті. Өткізген: Мұхтарбеков.Н.

Республика күніне орай Еңбек ардагері Ерубаев Мұхаметбек Әділбекұлы атындағы кабинетке ұрпақтары қозғалмалы интерактивті панель, тақта, сынып бөлмесіне гүлдер сыйға тартты. Мектеп ұжымы атынан ұрпақтарына алғысымыз зор!

Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру мақсатында 5-9 сыныптар арасында «Алтын күз» мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Оқушылардың өнерін тамашалап, қолөнеріне көрермендер қол соқты. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені 7-сынып, сынып жетекшісі Ж.Сатиева, 1 орынды 6-сынып, сынып жетекшісі Л.Ақылбекова, 2-орынды 9-сынып, сынып жетекшісі А.Ерғалиева, 3-орынды 5-сынып, сынып жетекшісі Ш.Қиялбек иеленді.

14 қазан күні мектепте Азаматтық Қорғанудың «Барлығының назарына!»,»Өрт болу қаупі!» сигналы бойынша іс-әрекет,қимыл ету кезекті жаттығуы мектеп Азаматтық Қорғану бастығы мектеп директоры бұйрығымен өткізілді. Жаттығу жоспар бойынша мектеп ғимаратынан оқушыларды, мұғалімдерді,техникалық қызметшілерді қауіпсіз аумаққа эвокуациялау іске асырылды.Құтқарушылар бөлімшесі құтқару бойынша нұсқаулықтар алды

«Құйған орта мектебі» КММ де 1-11 сынып оқушылары арасында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

«Күзгі вернисаж» көрмесі өтті

5-11 сынып қыздарына қыздар жиналысы ұйымдастырылды. Қыздарға жасөспірімдік кездегі физиологиялық өзгерістер жайында, сонымен қатар ұл мен қыздың арасындағы қарым-қатынас туралы айтылды.

Ұстаздар күніне арналған дублёр күні! 🌷
3 қазан күні мектебімізде ерекше шара – ұстаздарымыздың мерекесіне орай дублёр күні өтті!
Оқушылар ұстаздардың орнын басып, сабақ өткізіп, мектеп өміріне ерекше көңіл-күй сыйлады.

«Құйған орта мектебі» КММ -де 1 қазан күні 5-11сынып оқушылары Тарбағатай АПБ ЖПҚБ КТіБ УПИ полиция аға лейтенанты Әскербеков Жанасыл Әскербекұлы,Тарбағатай АПБ КПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Ерлан Самқардың қатысуымен жиналыс өткізілді.

“Құйған орта мектебі” КММ-інде 24 қыркүйек күні 7-11 сынып оқушыларымен «Еңбек етсең-емерсің!» тақырыбында сабағы өткізілді. Мақсаты: өз ауылымыздың жұмысшы мамандық иелерімен таныстыру, әртүрлі жұмысшы мамандықтарының маңызын түсіндіру.

Қоғамда еңбекқор,еңбегінің арқасында ешкімге қол жаймай,бақуатты тіршілік кешіп, отбасына да, қоғамға да қарекет етіп жүрген жандарды насихаттау,жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында «Еңбек адамы — ел мақтанышы» апталығы аясында 8- сынып оқушылары ауылымыздағы көптеген жылдар бойы мал өсіріп, картоп егумен айналысып келе жатқан еңбекқор отбасы Баймолдин Серікжанның отбасымен картоп алқабына барып сұхбаттасып сондай-ақ картоп жинауға көмек қолдарын тигізіп қайтты.

Жұмысшы мамандықтар жылына орай 7-сынып оқушыларына «Өз ісіңнің шебері бол!» тақырыбында ауыл кәсіпкері наубайханашы Нұргүл Мұхаметкәрімқызының жұмыстарымен практикалық таныстырылым өткізілді.

“Құйған орта мектебі”КММ-де
📌 Ата-аналар жиналысы өтті📌
Жиналыс барысында оқу жылының негізгі оқу-тәрбие бойынша ақпараттар берілді. Сонымен қатар сыныптың ата-аналар комитеті сайланып, жаңа құрам бекітілді.
Күн тәртібінде:
1.Ата аналарға «адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы
2.Ата-аналардың жауапкершілігі
3. Ата-аналар тарапынан педагогикалық қолдау бойынша
4.Мектеп формасына қойылатын талаптар мен сақтаудың маңыздылығы
5.Баланың қауіпсіздігі ата-ананың жауапкершілігі
6. Буллингтің алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізу.
Баяндамашылар ақпарат бере отыра,ата-ананың ой пікірін тыңдады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 3-05-4/5704-И-хат тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылғы оқу-тәрбие процесіне дене шынықтыруға арналған қысқа жаттығу енгізілді.
Осыған байланысты мектебімізде аптасына бір рет, сейсенбі күні сабақ басталар алдында мектеп оқушыларымен дене шынықтыру жаттығулары жасалынуда.

Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау мақсатында «Еңбек адамы-ел мақтанышы» тақырыбындағы жұмысшы мамандықтар апталығына орай фото көрме ұйымдастырылып 2-сынып оқушыларымен «Мамандық әлемі» атты іс шара ұйымдастырылды

Мектебімізде 1-11сынып оқушыларымен «Менің Отаным-Қазақстан», «Мектебім- мейірім мекенім атты сынып сағаттары онлайн форматта болып өтті.
Мақсаты: оқушылардың Қазақстан туралы ой-өрістерін кеңейту. Өз халқымыздың әдеп-ғұрыптарына, салт-дәстүріне, әдебиеті мен мәдениетіне деген танымдық қызығушылықтарын ояту. Туған жерін сыйлауға, бағалай білуге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

«Мектепке жол » қайырымдылық акциясы жалғасын табуда.Мектеп бітіргендеріне 25 жыл болған,1983 жылы туылған түлектер, түлеп ұшқан мектептеріне келіп, он отбасыға қаржылай көмек көрсетті. Барлық мектеп бітіруші түлектерге алғысымыз шексіз.

«Мектепке жол » қайырымдылық акциясы жалғасын табуда.Мектеп бітіргендеріне 35 жыл болған түлектер түлеп ұшқан мектептеріне келіп, даярлық сынып, 1- 11 сынып қушыларын қамти отырып, оқуға қажетті оқу құралдармен киім кешекпен көмек көрсетті.Барлық мектеп бітіруші түлктерге алғысымыз шексіз.

«Құйған орта мектебі» КММ «Мектепке жол» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
✅Акцияның мақсаты – әрбір баланың мектепке толық дайын болуын қамтамасыз ету.
Үгіт-насихат барысында тұрғындарға акцияның маңыздылығы түсіндіріліп, жергілікті кәсіпкерлер мен азаматтар демеушілік көмек көрсетуге шақырылды. Ізгі іске үлес қосуға ниетті азаматтарға білім беру ұйымына хабарласу мүмкіндігі ұсынылды.
✅Акция аясында кәсіпкерлерді, меценаттарды, мемлекеттік органдарды акцияны өткізуге көмек көрсетуге шақырамыз.
✅️Бүгінгі күнде акция негізінде оқушыларға көмек көрсетіліп бастады.

Мектебімізде 11-сынып оқушыларына аттестат тапсыру рәсімі өтті.Мектебіміздің 11- сыныбын бітірген түлектерге мектеп директоры Кожариянова Кымбат Жексенбиевна,оқу ісі жөніндегі орынбасар Анбиянова Жанар Уакасовна құттықтай отырып, аттестаттарын табыстады.

«Құйған орта мектебі”КММ-ның “Балдаурен”мектеп жанындағы лагеріне арнайы жоспар жасалалынып,жоспар негізінде жұмыстар өткізілді.
Күн тәртібіне сәйкес Лагерь тәрбиеленушілерін қабылдап, “Танысайық, достар!” атты танысу тренингі өтті. Сонымен қатар, арнай атты сергіту ойындары ойнатылып,түрлі логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту мақсатында тапсырмалар ұйымдастырылды.

«Өркен» балалардың әл — ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының»2025жылғы N 01-02/363 хаты негізінде «Буллинг- қалай тану,әрекет ету және өзін-өзі қорғау» тақырыбында мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерінің оқушыларымен тренинг жұмысы жүргізілді.

Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер — рәміздермен жан — жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне , халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау; Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін,оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру ,ой өрісін кеңейту; Отанды сүюге ,рәміздерді құрметтеуге үйрету,өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу мақсатында 4маусым рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер — ұлттық мақтанышымыз» атты танымдық сағат өткізілді.

«Дарынды ұрпақ – ел ертеңі»
Аудандық дарынды оқушылар шеруіне мектебіміздің республикалық, облыстық байқауларда жетістікке жеткен дарынды, үздік оқушыларымыз қатысты.

«Құйған орта мектебі»КММ де 23 мамыр күні оқу жылының аяқталуына орай «Мектебім саған, мың алғыс!» атты салтанатты жиын өтті.
Бұл – мектеп қабырғасынан түлеп ұшқалы тұрған түлектер үшін ұмытылмас, жүрек толқытатын ерекше күн.
Түлектер алтын ұя мектебімен қоштасып, балалықтың бал дәуренін артқа тастап, болашаққа нық қадам басты.
Салтанатты жиында ұстаздар шәкірттеріне ақ тілек, ақ баталарын беріп, олардың жарқын болашаққа сенімді сапар шегулеріне тілектестік білдірді.

Құйған орта мектебінде 22 мамыр күні. “БАЛА ШАҚТАН-БОЛАШАҚҚА” атты бастауыш сыныппен қоштасу мерекесі өтті.

«Құйған орта мектебі»КММ.
Кешенді жоспардың 2.1 тармағында Білім беру ұйымдарында заңсыз қаражат жинаудың алдын алу бойынша мектеп ұжымы арасында сыбайлас жемқорлықты жою және қандай да бір шараға ақша жинамау туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.
9,11 сыныптар және барлық сыныптар бойынша, ата-ана, оқушы және мектеп тарапынан ақша жинауға, қымбат көліктерде серуендеуге, табиғатқа саяхатқа шығуға қатаң тыйым салынатындығын,
ақша жиналатын және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау және емтихан кезінде ақша жинамау, дастархан жаймау керектігін естертеміз!

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне» орай «»Құйған орта мектебі КММ де шара жоспары жасалынып,жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, ата-аналар жиналысы өтіп,
«Бақытым-отбасым»сынып сағаты,«Отбасым-асыл қазынам»тақырыбында эссе жазылды.

Мектебімізде репродуктивті денсаулық апталығында 5-11- сынып қыздарына «Гинекологиялық аурулардың алдын алу жеке бас гигиенасы,тұрақты тексеру және «Өз денсаулығыңа қаншалықты назар аударасың»сауалнама алынып, «Спорт-сенің серігің» тақырыбында сынып сабағы өтті. Ауыл медбикесімен қыздар төрайымы бірлесе жиналыс өткізіп түсінік жұмыстарын жүргізіп ,кеңес айтты.Мақсаты: Халықты репродуктивті денсаулық саласындағы сенімді ақпаратқа және сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікпен қамтамасыз ету

«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-нің 14.05.2025 жылғы №02-09//276-вн хатының негізінде Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру, әскери қызметке деген қызығушылықты жоғарлату және өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп,пікірлерімен бөлісті.

13 мамыр күні мектепте Азаматтық Қорғанудың «Барлығының назарына!», Өрт болу қаупі» сигналы бойынша іс-әрекет, қимыл ету жаттығуы болып өтті. Жаттығу бойынша мектеп ғимаратынан оқушыларды, мұғалімдерді,техникалық қызметшілерді,бала-бақша тәрбиеленушілерін қауіпсіз аймаққа эвакуациялау жүргізілді.

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай 10-сынып оқушылары арасында оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту, озық ойлы, кең өрісті, мәдениетті азамат тәрбиелеу мақсатында: «Абайды оқы,таңырқа!» тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізілді.
Пән мұғалімі:А.Умарова

МӘҢГІЛІК АЛАУҒА ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ
Қасиеті мен қасіреті қатар өрілген Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі қарсаңында, етігіне қан толып, толарсағымен саз кешкен жылдары оқ дауылының ішінде аттан салған жауынгерлер мен шейіт болған талай боздақтарды еске алу, құрметтеу мақсатымен «Құйған орта мектебі» КММ-де «Мәңгілік алау» кешеніне гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандардың рухына тағзым етті.

2025 жылдың 6 мамыр күні мектебіміздің 1 сыныбында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты:Білім алушыларға 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні туралы мағлұмат беру, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы мен маңызын түсіндіру, елін, жерін қорғауға дайын ұрпақ тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі: Дауытбаева Ж.

7 Мамыр – Отан қорғаушылар күніне,Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектеп парламенті, өзін-өзі басқару ұйымы мен музыка жетекшісі бірлесе отырып, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Мектеп ата-аналарымен оқу жылының аяқталуына байланысты жиналыс болып өтті.Жиналыста оқушылардың өмір қауіпсіздігі: автокөлік, мотоциклдермен жүрмеу керектігі жөнінде баса айтылды.Соңғы қоңырау, мектеп бітіру шараларына қаражат жинамау туралы ескертілді. Сонымен қатар оқушылардың жазғы қауіпсіздігі жайында айтылды.

2 мамыр күні мектепте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, ҚРҚК құрылғанына 33 жыл толуына орай мектеп жоғарғы сынып оқушыларымен саптық байқау мен «Жас сарбаздардың шеруі (Жас сарбаздар ән салғанда) өткізілді. Автомат бұзып-құрастырудан, пневматикалық винтовкадан нысана көздеп атудан сайыс ұйымдастырылды. Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар мектеп директоры мадақтама қағазымен марапатталды.




















«Достық күні»тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті.
мақсаты:Қазақстан халқының бірлігі күні туралы түсінік қалыптастыру, бейбітшілік пен келісімнің, көпұлтты ел бірлігінің маңызын ұғындыру, оқушылардың отансүйгіштік сезімін, түрлі халықтарға құрметпен қарау мәдениетін дамыту.

«Мектеп және театр»жобасының кезекті қойылымы «Ұлттық салт дәстүр» тақырыбында 7-8-сыныптардың дайындауымен өтті.

«Құйған орта мектебі»КММ
«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы. Акцияның мақсаты-әрбір азаматты қайырымдылық ісіне тарту, балалармен жасөспірімдердің тілектерін орындауға көмектесу үшін ортақ күш салуды біріктіру болып табылады.
Показать перевод





«Құйған орта мектебі» КММ
#Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай 10- сынып оқушылар арасында қазақ тілінде «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс » тақырыбында эссе сайысы өткізілді.

«Ұлы — Жеңіске 80 жыл» тақырыбында 10-сынып оқушыларымен сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Жастарға өткен тарихты түсіндіру ,соғыс ардагерлерінің ерлігін ұлықтау, Ұлы Жеңістің маңызын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

28-29 сәуір күндері Мектебімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті!
Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты аялауға баулу.
Сенбілікке қамту қызметкерлері белсене қатысты.

“Даналық мектебінің” жоспар бойынша «Әкеммен өткізген бір күн» атты отбасы жағдайда өткізілген шараға ата-аналармен оқушылар белсене қатысты.Ұлы Жеңістің 80 жылдығына отбасымен бірлесе отыра макеттер жасап,мектепке тарту етті.

«Құйған орта мектебі» КММ-де 7- сынып оқушыларына Қазақстанның Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының батыры, әйгілі партизан, көрнекті жазушы Қ.Қайсенов туралы «Халқына адал қас батыр- Қасым Қайсенов» атты адалдық сағаты өтті.

Дебат тақырыбы: «Соғысқа қатысты кинолар мен әдеби шығармалар тарихи шындықты жеткізе ме?»
Мақсаты:
Бұл дебаттың негізгі мақсаты — соғыс тақырыбындағы көркем туындылардың тарихи шындықты қаншалықты нақты көрсете алатынын талқылау. Көркем шығармалардың тарихи оқиғаларды жеткізудегі рөлін, ықпалын және шынайылығын саралау арқылы оқушылардың сыни ойлау, талдау және дәлелдеу қабілеттерін дамыту.

Көңілді үзіліс

Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай сыныптар арасында,
«Ұлы Жеңіс-мәңгілік тағзым»атты көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты:Оқушылардың бойына отансүйгіштікке тәрбиелеу,тарихи жадымызды жаңғырту,майдангерлердің ерлік жолын насихаттау,бейбіт өмірдің қадірін ұғынуға шақыру.

«Құйған орта мектебі»КММ
«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы басталды. Акцияның мақсаты-әрбір азаматты қайырымдылық ісіне тарту, балалармен жасөспірімдердің тілектерін орындауға көмектесу үшін ортақ күш салуды біріктіру болып табылады.

Оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында балалар өз ойларын пікір алмасу арқылы бөлісті.

Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында видеоролик көрсетіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2025 жылдың 21 сәуір күні Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай, Құйған орта мектебінің даярлық сынып оқушылары тыл ардагері Аршабаева Сақан апаның үйіне барып, мерекемен құттықтады. Оқушылар ардагерге сыйлықтарын тарту етіп, жылы лебіздерін білдірді. Сақан апа жас ұрпақтың құрметіне ризашылығын білдіріп, оқушыларға ақ батасын берді.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Құйған орта мектебі»КММ «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына » қала сыртындағы және мектеп жанындағы өтетін лагерлер бойынша ата -аналарға ақпараттар берілді.

Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 16 сәуірінде Ақжар ауылындағы «М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп интернат колледжі» КММ базасында Тарбағатай ауданы білім бөлімінің кубогі «Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс турнирі өткізілді.
📚Бұл шараға ауданымыздың 19 мектебінен 57 оқушы қатысып, өздерінің ақыл-ой қабілеттері мен білімдерін көрсетті. Турнирдің мақсаты – оқушылардың пікірталас, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық ойлау мен өзін-өзі білдіру дағдыларын жетілдіру.Сайыс қорытындысы бойынша:
🏆2-орын:»Құйған орта мектебі» КММ иеленді.

Оқушыларға ғарышкерлер күніне орай Отанымызға деген сүйіспеншіліктерін арттыру,қазақтың үш қыраны Тоқтар Әубәкіров , Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтің ерекшеліктерін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Балалардың ой-өрісін,тіл байлығын , сөздік қорын дамыту, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ғарышқа түрен салған қыран қазақ» атты танымдық сағаты өтті.

«Арман — жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң алға басу да жоқ, тіршілік те жоқ. Демек, арман арқылы алға ұмтылу өмірдің басты мақсаты. Осы негізде 8 — 10сынып оқушыларынан армандаған мамандықтарына жету мақсатында «Арманды қалай шындыққа айналдыруға болады?» тақырыбында эссе жұмыстары алынды.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің өкілдері 9-10 сынып оқушылары арасында университетте оқытылатын мамандықтар туралы мәліметтер бере отырып, түсінік жұмыстарын жүргізді.

3-4 сынып оқушыларына «Менің көзге көрінбейтін көмекшілерім» атты кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі және зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша бірыңғай сабақ өткізілді.
Сабақ мақсаты:Балалардың қиын өмірлік жағдайларында көмек алу дағдыларын қалыптастыру.

«ШҚО ББ» ММ 26.03.2025 ж 1799 номерлі хаты негізінде теміржол жолдары маңайында ұялы телефон мен құлаққапты ойнатқыштарын пайдаланудың алдын-алу, шектеу мақсатында «ҚТЖ» ҰҚ АҚ-Семей магистральді желісі бөлімшесі филиалы әзірлеген бейнемазмұнды мектеп оқушылары көріп, қауіпсіздік шаралары таныстырылды.

«Әскердегі сарбазға хат»әлеуметтік челлендж аясында мектеп оқушылары Отан алдындағы міндетін атқарып жүрген ағаларына хат жазды.

«Құйған орта мектебі»КММ
«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы басталды. Акцияның мақсаты-әрбір азаматты қайырымдылық ісіне тарту, балалармен жасөспірімдердің тілектерін орындауға көмектесу үшін ортақ күш салуды біріктіру болып табылады.

Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту.Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге үйрету мақсатында, 7сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Есік қорғанынан табылған Алтын Адам жазуларын 30 жыл зерттеп, құпиясын физика-математикалық әдіспен ашқан жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның ғылыми мұрасын тану мақсатында 10-сынып оқушыларымен «Алтын адамның мұрасы» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.Іс шара барысында тарих пәні мұғалімі Н.Мұхтарбеков Алтын адам туралы 30 жылға жуық уақыт зерттеп, күміс зереншедегі 26 таңбасын құпиясын ашқан тұңғыш физик Мағрипа Шөжеғұлқызы жайлы мағлұмат берді.

Табиғат байлығын қорғау,құстарды аялау мақсатында 1-сәуір Халықаралық құстар күніне орай мектебіміздің оқушылары құстарға ұя жасады.

Таза Қазақстан аясында сенбілік өтті.

«Құйған орта мектебі»КММ
«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы басталды. Акцияның мақсаты-әрбір азаматты қайырымдылық ісіне тарту, балалармен жасөспірімдердің тілектерін орындауға көмектесу үшін ортақ күш салуды біріктіру болып табылады.

Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру , кітап оқудың маңыздылығын түсіндіру және оны өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру мақсатында мектеп оқушылары «Әдебиет әлемінде көктем самалы»тақырыбында ұсынылған әдебиеттер тізімдерімен танысып өздеріне ұнаған әдебиеттерін ауыл кітапханасынан алып оқып , оқыған ертегілерін экраннан көріп тамашалап қайтты.

«Балалар кітапханасы»бағдарламасы шеңберінде Халықаралық балалар кітабі апталығына арналған «Кітаппен әлем мейірімді және жарқын» тақырыбында оқушылар ауыл кітапханасына экскурсияға барып, Еңбегімен елге сыйлы болған ауыл тұрғыны Қожариянов Сапаш атамен сұхбаттасып қайтты.

Халықаралық Азаматтық қорғау ұйымы Бас асамблеясының қарарына сәйкес 1-наурыз Дүниежүзілік Азаматтық Қорғану күні болып бекітілген. Осыған орай Құйған орта мектебінде ұжым мүшелерімен,оқушылармен өрт қауіпсіздігі жөнінде нұсқаулық өткізілді. Азаматтық қорғау ұйымының «Баршаңызға!»,»Өрт болу қаупі!»сигналы бойынша мектеп ұжымының,оқушылармен қауіпсіз аймаққа шығарылуы оқу-жаттығуы жүргізілді.

«Наурызнама» онкүндігі аясында 21 наурыз – «Ынтамақ күні» болып жарияланды.Қазақ халқы ежелден береке-бірлігін бекемдеп, ынтымағы мен татулығын ту еткен дана халық. Сондықтан, бұл күн халқымыз үшін айрықша мәнге ие болмақ.
Ынтымақ күні – еліміздегі барлық ұлттардың ынтымағы мен бірлігін нығайтатын, достастық қарым-қатынасты нығайтатын айтулы күн. Бұл күннің басты мақсаты – жалпы халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау.
Бұл күні «Құйған орта мектебі» киелі киіз үйін — қазақ халқының дәстүрлі тұрғын үйін құрды.

«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету мақсатында «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын, адалдық, парасаттылық сияқты құндылықтарды түсіндірді.

«Құйған орта мектебі»КММ «Наурыз-жыл басы» тақырыбында мектепішілік шара өтті .
Мақсаты: Наурыздың жаңа жыл мерекесі ретіндегі маңызын түсіндіру. Наурыз мерекесіне байланысты мәдени құндылықтарды,оның ішінде отбасы мен ұлттық болмысты дәріптеу.Салт дәстүрді,әдет ғұрыпты ұлықтау.

«Құйған орта мектебі» КММ
20 наурыз күні сағат 11:00-де Наурыз мейрамына орай мектебіміздің педагогтары,ата-аналар республикалық күй шерту челленджіне қатысты.
🗣️ «Домбырашылар челленджі – бұл педагогтер мен ата-аналардың музыкалық шеберлігін танытатын және бүкіл елді домбыра үнімен біріктіретін ерекше шара. Челлендж «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мен «Наурызнама» іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылады.

20- Наурыз «Ұлттық спорт күні»
«Құйған орта мектебі»КММ
Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық спорт күніне орай оқушылар арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті.

Бүгін, 19 наурыз ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні мерекеленіп жатыр.
🔰Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай көшет отырғызу шарасына арналады.

«Құйған орта мектебі» КММ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес мектеп оқушылары арасында “Ұшқыр ой алаңы” пікірсайыс турнирінің аудандық ІІ-кезеңі өтті.
«Жетірал мектеп-балабақша кешені» КММ-нің «Freegom» фракциясы мен «Құйған орта мектебі» КММ-нің «Парасат» фракциясы арасында дебат өтті. Дебат қорытындысы бойынша «Freegom фракциясы жеңіске жетті. «Парасат» фракциясының спикері Ерболқызы Нұр «Үздік спикер» болып танылды.
Дебат жетекшісі: Адилбеков Медет

«Құйған орта мектебі»КММ
«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы басталды. Акцияның мақсаты-әрбір азаматты қайырымдылық ісіне тарту, балалармен жасөспірімдердің тілектерін орындауға көмектесу үшін ортақ күш салуды біріктіру болып табылады.

«18 НАУРЫЗ-ҰЛТТЫҚ КИІМ КИЮ КҮНІ»
⚜️«Құйған орта мектебі» КММ «Біртұтас Тәрбие» бағдарламасы аясында 2025 жылдың 14-23 наурыз аралығында «Наурызнама» онкүндік жоспарына сәйкес, наурыз мерекелеуді ұйымдастыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды дәріптей отырып, жастарды тарихи тамырын тануға, ұлттық рухани құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «18 наурыз-Ұлттық киім кию күні» аталып өтуде.

16 НАУРЫЗ – ШАҢЫРАҚ КҮНІ! 🏡
Бүгін – отбасы құндылықтарын, бірлік пен татулықты дәріптейтін ерекше күн! Қазақ халқы үшін шаңырақ – отбасының символы, береке мен ынтымақтың белгісі.
Бұл күнде ата-анаға құрмет көрсетіп, отбасы мүшелерімен уақыт өткізіп, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту маңызды. Әр шаңыраққа амандық, бейбітшілік пен молшылық тілейміз!

НАУРЫЗНАМА АЯСЫНДА 15 НАУРЫЗ – «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» КҮНІ!
» Құйған орта мектебі» КММ
15 Наурыз – «Қайырымдылық» күні аясында мектебіміздің атынан көпбалалы отбасына қаржылай көмек көрсетілді.

Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған Сайханов спорт кешенінде өткен қазақ күресінен Сәулетайға іріктеу жарысында жүлделі үшінші орын алған Асланұлы Әлімді, Даниярұлы Ерасылды жеңістерімен құттықтаймыз.

Мектебімізде ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Наурыз мерекесі Наурызнама онкүндігі аясында өткізілуде .
14наурыз- «Көрісу күні -Амал мерекесі» мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиеленушілерімен бірге даярлық сыныбында аталып өтілді.

Наурыз мерекесі,Наурызнама онкүндігі аясында өткізілуде.
14-наурыз «Көрісу күні-Амал мерекесі»атап өтілді.

Мектеп медбикесі А.Аймуратова «Туберкулез қауіпті-дерт» тақырыбында мектеп оқушыларымен сабақ өткізді.
Мақсаты: оқушыларға дұрыс тамақтанудың пайдасын түсіндіру, салауатты өмір салтына ұстануға шақыру.

«Маңызды 10 мамандық» тақырыбында 11-сынып оқушыларымен мамандық түрлеріне шолу жасай отырып, әр мамандықтың қыр-сырларын талқылап,өздерінің таңдаған мамандығының таңдау себебін ортаға салу мақсатында ақпараттармен бөлісіп,талқыланды.

Жастарды Отан қорғауға,әскери оқу орындарына түсуге насихаттау мақсатында «Орта Ласты» шекара заставасының бастығының орынбасары аға лейтенант Думан Зарухан мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.Құйған ауылы тұрғыны,келісім-шартпен әскери қызмет атқаратын Азбаев Мират әскери қызметтің ерекшеліктерімен бөлісіп өтті.

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы басталды. Акцияның мақсаты-әрбір азаматты қайырымдылық ісіне тарту, балалармен жасөспірімдердің тілектерін орындауға көмектесу үшін ортақ күш салуды біріктіру болып табылады.

06.03.2025ж күні ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспары бойынша оқушылармен «Анамның өсиеті” атты “Даналық мектебінің” сабағы өтті.
Мақсаты: Аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.

«Құйған орта мектебі» КММ-де «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы басталды. Акцияның мақсаты-әрбір азаматты қайырымдылық ісіне тарту, балалармен жасөспірімдердің тілектерін орындауға көмектесу үшін ортақ күш салуды біріктіру болып табылады.

Шығыс Қазақстан чемпионатында қол күресінен (қоссайыс) жүлделі 3 орын иеленген 9-сынып оқушысы Нұрланұлы Мағжанды, жетекшісі Нағызханов Талғатты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

🇰🇿”ЖАСЫЛ КЛУБ” ЖОБАСЫ!
«Құйған орта мектебі» КММ-де “Жасыл клуб” жобасы аясында жоспарға сәйкес «Экология жаршысы»бұрышы ұйымдастырылып,көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Есірткіге жол жоқ!
Бүгін Құйған ауылындағы Құйған орта мектебінде маңызды кездесу өтті. “Есірткіге жол жоқ” тақырыбында өткен шараға учаскелік полиция инспекторы Қасенов Қ. арнайы шақырылды. Ол оқушылармен кездесіп, есірткінің зияны, оның адам өміріне тигізетін қауіпті әсері туралы жан-жақты түсіндіріп берді.

26.02 күні ДТІЖО Л.Кенжина және мектеп психологы Е.Бақытжанова мектеп оқушыларына алдағы келе жатқан Қасиетті Рамазан айына байланысты, білім алушылармен «Жас балаларға ораза ұстау міндет пе?» тақырыбында, ораза ұстау және оның әдебі туралы түсіндірме жұмыстары жүргілді.
Оқушылардың бір-біріне күш көрсету, буллинг туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.

Мектепте Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдайда: «Өрт болу қаупі», «Өрт» сигналдары бойынша оқушылардың іс-қимыл әрекеттері, өрттің туындау себептері, қауіптің алдын алу, өрттің салдары жөнінде ақпарат берілді.
Өрт кезінде оқушылардың: мектепте, үйде, қоғамдық орындарда іс-қимылы туралы, қауіпсіздік әрекеттері түсіндірілді.

Оқушыларға терроризм қауіпіне қалай қарсы тұруға болатындығы туралы түсініктеме жұмыстары жүргізіліп,бейнеролик көрсетілді.

«Құйған орта мектебі» КММ-де дебат клубының жетекшісі Адилбеков Медет Тусипхановичтің ұйымдастыруымен «Азамат» дебат клубының мақсат-міндеті, жоспары таныстырылды.
Мақсаты:
1. Мектеп оқушыларын клуб жұмыстарына қабылдау
2. ⁠Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану.

Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету,өз ұлтына,еліне деген сүйіспеншілігін ояту.Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негізін қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету.Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу мақсатында 10-сынып оқушылары арасында «Тіл-ұлттың жаны» атты танымдық сағаты өткізілді.
Өткізгендер: А.Умарова, Л.Аубакирова

Балалар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау , оқу белсенділігін арттыру, оқу құзіреттілігін дамыту мақсатында «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Шын жүректен кітап сыйла» челенджіне 3 — сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Г.Мустафина белсене қатысты.Кітап білімнің бұлағы ,ал сыйға тартылған ізгілік пен мейірімділік белгісі.

Мектептегі ұстаздарды, білім алушыларды,және де ата-аналарды мектеп кітапханасына кітап сыйға беруге жұмылдыру арқылы кітапхана өмірін жандандыруға күш салу,әр адам өз оқыған кітаптарын өзгелерге сыйға беру арқылы ой бөлісу мақсатында «Шын жүректен кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды.

Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру,поэзия құдіретін таныту , ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру мақсатында кітапханалық сабақ өткізіліп викториналық ойындар ойнатылды.

«Білімге жол бастар- бастауыш» бастауыш сыныптар апталығында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 1-4 сыныптар арасында «Әкем, анам және мен» спорттық сайысы өтті. Өткізген бастауыш сынып мұғалімі:А.Мамиева

2025 жылдың 12 ақпан күні Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде «Ауған соғысы ардагерлері жүлдесі» аудандық мектеп оқушылары арасында әскери-патриоттық ойындары өткізіліп, мектебімізден қатысқан 10-сынып оқушысы Социалханова Айша «Пневматикалық винтовкадан көздеп ату» бойынша 3-орын иеленді.

“Желінің біз көрмейтін тұстары” тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен бірыңғай сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар интернет желісі арқылы бөгде адамдармен болатын таныстықтардың адам өміріне тигізетін зияны туралы ақпарат алды.

«Ағаның бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында жүргізілген жұмыстар.
Мақсаты: Ағаның бала тәрбиесіндегі орнын айқындау туралы пікір алмасу.
Пән мұғалімдері: Б.Жолдин, С.Оралбеков

Балаларды татулыққа,бірлікке, достыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Қуыршақ театры» ұйымдастырылды.
Сынып жетекшісі: А.Мамиева

«Құйған орта мектебі» КММ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес мектеп оқушылары арасында “Ұшқыр ой алаңы” пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі өтті.

Оқушылардың ой — өрісін дамыту , шығармашылық ізденісін қалыптастыру мақсатында «Тәуелсіздік ел тірегі — білімді ұрпақ» тақырыбында викториналық ойын өткізілді.

13 желтоқсан күні «Өнерім саған,Тәуелсіз Қазақстаным» атты патриоттық бағыттағы меркелік кеш өтті. Тәуелсіздікті ұлықтаған мерекеге мектеп оқушылары және ата-аналары және ұжым мүшелері қатысты

*Тәуелсіздік тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын!*
2- сынып
Сынып жетекшісі: Касымова У. К

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай «Мен- өз Отанымның батыл қорғаушысымын» атты оқушылар арасында әскери қолданбалы өнерден сайыс болып өтті. Пневматикалық винтовкамен нысана көздеп атудан: 5-8 сыныптар арасында 1-ші орын Асланов Әлім, 2-ші орын Уәденов Мәди, 3-ші орын Нұржанов Нұрасыл, 9-11 сын оқушылары арасында- 1-ші орын Социалханова Айша, 2-ші орын Каменов Айсері, Махамбетов Жақсылық 3-ші орын иеленді.
Ал АК74 автоматын бұзып- құрастырыуда 1-ші орын Бақытбеков Мағжан, 2-ші орын Каменов Айсері, 3-ші орын Асқарбеков Заңғар иеленді.Барлық жүлдегерлер мектеп директоры мадақтама қағазымен марапатталды.

4-5-7-8 сынып қыздарымен жиналыс өткізілді.
Ол жерде түрлі жұқпалы аурулардан сақ болу, гигиеналық талаптардың(бас, тырнақ, мектеп формасының таза болуы) сақталу керектігі, қыз балалардың мәдениеті, жүріс-тұрысы, сымбаты жайында кеңестер айтылды

4-сыныпта «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

«Құйған орта мектебі» КММ-де 1-сыныпта «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: білім алушыларды Отан сүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Өткізген: А. Мамиева

3- сынып оқушыларымен 25 қазан Республика күніне байланысты тәрбие сағаты өткізілді.
Сынып жетекшісі: Г.Б.Мустафина

«Құйған орта мектебі» КММ-де «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесінде алатын орны» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа ата-аналар, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері қатысты.

«Құйған орта мектебі» КММ
Республика күні қарсаңында мектебімізде оқушылардың Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.
Оқушылар Қазақстан Республикасының патриоты болуға, ата-ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, табиғатты аялауға, салауатты өмір салтын сақтауға, оқуда озат болуға ант қабылдады.

«Құйған орта мектебі» КММ 3-сыныбында «Менің Отаным-Қазақстан» атты тәрбие сағаты болды

2024 жылдың 26 қыркүйек күні «Құйған орта мекебі» КММ-де «Азамат»дебат клубының жоспарына сәйкес клуб мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Мұнда клубтың мүшелері арасында дебат түрлері, ережелері, дүниежүзілік мектеп форматының(WSDF) ерекшеліктері туралы түсінік берілді. Сабақта оқушылар ойындағы позицияны қарастыруды, кейс құруды үйренді, жаттығу ойынына дайындық жүргізілді.
Жетекші: Адилбеков М.Т

Ұстаздар мерекесіне орай мектеп ұжымы мен оқушылар арасында «QUIZ» ойыны ұйымдастырылды.

Мектептегі өзін — өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында «Дублер күні» өткізілді.

Мектебімізде күз мезгілінің алғашқы айларында өтетін дәстүрлі «Алтын күз» жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңке қайырымдылыққа бағытталды,оқушылар мен ата-аналардың белсенділігі жоғары деңгейде болды.Жоғары сынып оқушылары тарапынан кино көрсетілімдер және мульттоптамалар ұйымдастырылса,орта буын оқушылары тарапынан түрлі тәтті астың саудалары қыза түсті.Бастауыш сынып оқушылары тарапынан ата-аналары көмек қолдарын созды.

Сабақ кестесі

2025-2026 оқу жылы

Мектеп асханасы

Мектептегі тамақтану

мектеп асханасы

Көлемі  —   шаршы метр
Орын саны-48
Тамақтану  уақыты: I-кезек: 10:25-10:35 -36 бала тамақтанады
                                      II-кезек:15:55-16:05 -20 бала тамақтанады
Даярлықтан -1 бала (асп)
1-4 сыныптан- 11 бала (асп)
5-11 сыныптан- 8 бала (асп)

Мектеп мәзірі

мектеп құрылымы

Құрылым

құрылым

Мектеп әкімшілігі

мектеп әкімшілігі

Мектеп  директоры: Кожариянова Кымбат Жексенбиевна
Жұмыс телефоны: 8-72-344-24-133
Ұялы байланыс:     8-775-177-57-84
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Анбиянова Жанар Уакасовна
Ұялы байланыс:     8-771-282-09-21
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Абуюрова Арай Кажымуратовна
Ұялы  байланыс:     8-775-182-81-49
Мектеп кезекшілік байланыс телефоны: 8-72-344-24-005

Мектеп ұстаздары

1.Кожариянова.К.Ж-мектеп директоры

2.Анбиянова.Ж.У-директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

3.Каленова.А.-физика пәні мұғалімі

4.Кокенова Г.К-математика,информатика пәні мұғалімі

5.Умарова .А.Ж.-қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі

6.Сатиева.Ж.Ж-қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі

7.Умаров.Е.А- биология,химия пәні мұғалімі

8.Адилбеков.М.Т-тарих пәні мұғалімі

9.Жолдин.Б.И-дене шынықтыру пәні мұғалімі

10.Касымова.У.К-бастауыш сынып мұғалімі

11.Касымова.А.К-бастауыш сынып мұғалімі

12.Мустафина.Г.Б-бастауыш сынып мұғалімі

13.Назарбекова.М.К-ағылшын тілі пәні мұғалімі

14.Даутбаева.Ж.С-бастауыш сынып мұғалімі

15.Уалиев.Б.И- АӘД

16.Сапаргалиев.Е.С- еңбек пәні мұғалімі

17.Абуюрова.А.К-музыка пәні мұғалімі

18.Ерғалиева.А.С.-информатика пәні мұғалімі

19.Шөлкенова.А.А.- даярлық сыныбы мұғалімі

20.Нағызханов.Т.Н -дене шынықтыру пәні мұғалімі

21.Бақыжанова.Е.Б-. психолог

22.Мамиева.А.К-. бастауыш сынып мұғалімі

23.Маулетханова.Д.К.- математика пәні мұғалімі

24.Қиялбек.Ш.А. -математика пәні мұғалімі

25.Қожариянов.Д. Ж.- орыс тілі пәні мұғалімі

26.Ақылбекова.Л.А.-география пәні мұғалімі

27Оралбеков.С.О.- дене шынықтыру пәні мұғалімі

28.Мұхтарбеков.Н.А.- тарих пәні мұғалімі






ұстаздар

Мектеп ұстаздары мен                                      оқушылары

фотогалерея

Видеогалерея

видеогалерея

Мектептегі іс-шаралар

Мамыр айының 23-і күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, “Қазақстан балалары” атты іс-шара жоспары бойынша, “Полиция-балалардың қорғаны” жасөспірімдер полицияларымен кездесу өтті. Іс-шараға учаскелік инспектор қатысты. Кездесу барысында оқушыларға құқықтық тәртіп, қауіпсіздік ережелері, заң алдындағы жауапкершілік жайлы түсіндірілд

Мамыр айының 22-сі күні жылы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, “Қазақстан балалары” атты іс-шара жоспары бойынша, “Әкем тірегім-анам жүрегім” атты тақырыпта оқушылардан эссе алынды.

«Құйған орта мектебі» КММ-де «ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР» жобасы аясында, «Ақындар айтысы» шеңберінде еліміздің мәдени дәстүрлерін жаңғырту және әдебиетке қызығушылықты арттыру мақсатында жергілікті ақындар кездесу өткізді. Шараға 8 сынып оқушылары Уәденов Мәди,Тоқтасынов Әлижан қатысты.

«Құйған орта мектебі»КММ
«Төрт тоқсан -төрт өнер» Ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында Ақындар
айтысы бөлімінің «Ақындық өнер»….тақырыбында айтыс өнерінен үзінді көрсетіліп 6,10 сыныптарда эссе жазылды.

Елімізде Қазақстан халқы тілдері күні Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сәйкестендіріліп, 5-ші қыркүйек күні аталып келеді. Осы мерекеге орай «Құйған орта мектебі»КММ-де арнайы жоспар негізінде шаралар өткізіліп келеді.

«Құйған орта мектебі » КММ-де Республикалық «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты он алты күндік іс-шара жоспары аясында ауылдық округ инспекторы мен және жасөспірімдер жөніндегі инспектормен кездесу өткізіліп ақпараттар берілді.Мектеп медбикесі тарапынан балаларға түсінік жұмыстары жүргізілді

«Төрлет, Жаңа жыл» іс-шарасын өткізу мақсатында ШҚО білім басқармасы «Дарындылықпен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік»Дарын орталығы»ҚМҚС-ның 18.12.2024ж N1181 хатының негізінде ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты талаптарын башылыққа ала отырып төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою шаралары ұйымдастырылды

Мектеп бітірушілерді болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, кәсіби бағыт — бағдар беру мақсатында мектебімізде «Бүгінгі оқушы-ертеңгі студент, болашақ маман»атты студенттермен кездесу кеші өткізіліп , кеш қонақтары мен оқушылар арасында «QUIZ» ойыны ұйымдастырылды.

Үздік оқушылар

Үздік оқушы -мектеп мерейі

Махамбетова Балнұр

2-сынып

Түсіпбек Төрәлі

2-сынып

Нинатулла Айзере

4-сынып

Асанова Алуа

5-сынып

Рүстембекова Айзере

7-сынып

Ерболқызы Нұр

11-сынып

Каукенов Жантөре

2-сынып

Әлімбекова Асылым

3-сынып

Нұрбек Мадияр

4-сынып

Аскарбек Ануар

5-сынып

Ақанова Мадина

8-сынып

Даниялханов Ұлаға

2-сынып

Хайролла Мәди

3-сынып

Мерекенова Томирис

4-сынып

Дулатқызы Инабат

6-сынып

Жәмел Кәусәр

8-сынып

Маратұлы Темірлан

2-сынып

Ахметхан Айтөре

3-сынып

Дастан Айзере

4-сынып

Әсет Назлы

6-сынып

Ерік Кәусәр

10- сынып

Байланыс орталығы

өтініш қалдыру

Өткен іс — шаралар

мектептегі өткен іс — шаралар галереясы

КҮЗГІ ВЕРНИСАЖ

Сәт сапар, жас түлек!

«Балдәурен» мектеп жанындағы лагерь

«Мектебім саған,мың алғыс!»

Бала шақтан- болашаққа

Бақытым-отбасым

Ұлы Жеңіске 80 жыл

Тәуелсіздік-біздің ең қасиетті құндылығымыз

Қош келдің жаңа жыл

Салауатты өмір салты-спорт

«Әкем, анам және мен»

«Шын жүректен кітап сыйла

Жаңалықтар

Ұлттық құндылығымызды дәріптеп,түлеп ұшқан алтын ұя мектептеріне демеушілік жасап,қазақтың киіз үйін тарту еткен,мектеп бітіргендеріне 40 жыл толған түлектерге алғысымызды білдіреміз.Болашақ ұрпаққа көрсеткен үлгілі істеріңіз жалғаса берсін.

Аудандық » Үздік оқырман отбасы» байқауына қатысып, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғыртқаны үшін Иманбаевтар отбасы жүлделі 1 ОРЫНДЫ иеленді. Сіздерді және мектеп кітапханашысы Л.Аубакированы осынау жеңістеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
Әрқашан биіктен көріне беріңіздер!!!

Білім беру қызметкерлерінің Тарбағатай аудандық кәсіподақ ұйымының Кәсіподақ мүшелері арасында өткен аудандық «Ойлылар ойыны» дойбы жарысына химия, биология пәнінің мұғалімі Умаров Ержан Аскарович қатысып, жүлделі 2-орын иеленді. Алдағы уақытта да, шығармашылық пен кәсіби жетістіктер тілейміз!!!

Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын

“Үздік кітапханашы 2024” аудандық байқауына мектебіміздің кітапханашысы Аубакирова Лаура Кабдылхалыковна қатысып жүлдері ІІІ орын иеленді.

Тарбағатай АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Әскербеков Ж.Ә
9-11 сыныптар арасында «Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу» бойынша сауалнама жұмыстарын алып, оқушыларға тәртіп пен әлімжеттік, бопсалау, түнгі көше, ұрлық түрлері туралы толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мектепте Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдайда: «Өрт болу қаупі», «Өрт» сигналдары бойынша оқушылардың іс-қимыл әрекеттері, өрттің туындау себептері, қауіптің алдын алу, өрттің салдары жөнінде ақпарат берілді.

Мектеп ұстаздарына «Ұстаз» фильмі көрсетіліп, фильмнің негізгі айтар ойы мен түйіні талқыланды.

Жаңа жыл мерекесіне орай мектеп кәсіподақ ұйымы мен «Өркениет» гуманитарлық пән бірлестігі ұжым арасында «Екі жұлдыз» ән кешін ұйымдастырып, жоғары дәрежеде өтті. Сайысқа қатысушылар марапатталды.

Аудан әкімінің «Жаңа жыл Тарбағатай төрінде» атты жаңа жылдық шыршасына мектебіміздің 2 сынып оқушысы Әлімбеков Ислам мен 3 сынып оқушысы Мағзиева Инабат,7 сынып оқушысы Махамбетов Нарұл қатысты.
Аудан әкімі Жөргекбаев Дархан Шомпайұлы шыршаға қатысқан оқушыларды Жаңа Жыл мерекесімен құттықтап, арнайы сыйлықтар табыстады.

«Құйған орта мектебі»КММ
Мектеп, ата-ана, оқушы үштігінің бірлескен жұмысы негізінде 6-сынып ата-аналары және сынып жетекшілері бірлесіп балалар үшін сырғанақ жасап, оқушылардың бір қуанышына себеп болды.

«Digital Kazakhstan: Заманауи білім беру» аудандық кеңейтілген тамыз кеңесінде мектебіміз «Green Oazis» жобасы бойынша 3 орынды иеленіп, қаржылай сертификатқа ие болдық.

Ата -аналарға

1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады Биыл бірінші[…]

Қамқоршылық кеңес

Қамқоршылық кеңестің 2023-2024 жылға арналған жылдық жоспары Қамқоршылық кеңестің[…]

мектептегі тамақтану

«Құйған орта мектебі» КММ мектеп асханасында күнделікті екі уақыт[…]

Ұстаздар

Үздік ұстаз-ғибратты үлгі

Сатиева Жанар Жетпісқызы . Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Педагог зерттеуші

Адилбеков Медет. Тарих пәні мұғалімі.Педагог модератор.

Абуюрова Арай. Музыка пәні мұғалімі. Педагог сарапшы.